Қырғызстан мен Өзбекстанды жалғайтын жерасты жол табылды

none

Өзбекстанда Қырғызстанға алып баратын төртінші жерасты жол табылды. Тоннельге лифт, электр жарығы мен бақылау камерасы орнатылған.

Ұзындығы 130 метр тоннель Өзбекстан аумағын Қырғызстанның Баткен облысы Қадамжан ауданындағы тұрғын үймен байланыстырды. Жерасты жолдың биіктігі 2 метр, ені 1-1,5 метр болды. Тоннель лифтпен, желдету жүйесімен, жарықпен жабдықталған.

Жерасты жол жайында Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметі хабарлаған. Бұл хабарға қарағанда, Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметі мен облыс полициясы арнаулы операция кезінде жүк көлігін тоқтатқан. Көліктен IPhone 13 Pro Max, Samsung Galaxy S 22 ultra, RedMi Note 11 маркалы 2707 смартфон табылған. Тауардың жалпы құны 15 миллиард сумға бағаланған.

Көлік иесінің үйін тінтігенде жер асты жолы табылған. Жолдың ені 1-1,5 метр , биікті 2 метр, ұзындығы 130 метрге жуық боп шыққан. Құқық қорғау органдары жариялаған видеодан жер асты жолының бетондалғаны, ішінде жарығы мен лифтісі бар екені көрінеді.

Жерасты жол Қырғызстаннан Өзбекстанға тауар тасуға пайдаланылғаны айтылған.

Бұған дейін Қырғызстан мен Өзбекстан арнайы қызметінің бірлескен операциясының арқасында үш бірдей жерасты жолі анықталған болатын. Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан арасындағы мемлекетаралық шекара республикалардың халық тығыз орналасқан елді мекендері арқылы тікелей өтеді. Сондықтан жерасты тоннельдерінің кіреберіс-шығу жолдарын бүркемелеу қиын емес, деп жазады БАҚ.

Айдары: Найзағай 28.06.2022 80

Қатысты мазмұн