Құран бойынша Қадыр түнін қашан күтеміз?

none

Құранды зерттеген «құраншылар» «Қадыр түні ораза айының соңғы онкүндігінде» деген дәстүрлі датаны терістеп тастады. «Құраншылардың» түсінгі бойынша, Қадыр түні рамазан айымен бірге жылжып отырмайды, ол – нақты күн, өзгермейді, яғни Қадыр түні – әр жылғы желтоқсан айының 21-інен 22-іне қараған түн.

Қадыр түні жөнінде Құранда айтылған. Қадыр түнінде Құран түскен. Қадыр түнінің мың айдан да қайырлы екені, сол түні періштелер көктен жерге түсетіні жайында айтылады. Сондықтан, дәстүр бойынша, жыл сайын ораза айының соңына таман мұсылмандар Қадыр түнін күтеді. Дегенмен, «құраншылар» мұның дұрыс емес екенін айтып жүр.

«Құраншылар» Құранда баяндалған Иса пайғамдардың өміріне қатысты мәліметтерді және басқа да аяттарды зерттей келе, Қадыр түнінің желтоқсан айының 21-інен 22-іне қараған түн екеніне екі бірдей дәлел келтірді. Құрандай айтылғандай, Мәриямды толғақ қысқанда, ол құрма ағашын барып құшақтайды. Сонда оған Жаратушы «Құрманың бұтағын сілкі. Саған уылжыған құрма түседі» деп бұйырады. «Уылжыған» деген сөзді арабша «рутаб» дейді. Құранда дәл осы сөз айтылады. Сондықтан, «құраншылар» Иса пайғамбар туылған мезгілді құрманың толық пісу мезгіліне дәлдейді. Яғни, Таяу Шығыста құрма тамыз айының соңы мен қыркүйек айының басында уылжып пісетінін ескере отырып, «Иса пайғамбар қыркүйек айында туылды» деген тұжырым жасайды. Бұдан соң «құраншылар» Мәриямның Исаға жүкті болған мезгілін анықтау үшін қыркүйек айынан бастап кері қарай тоғыз айды шегереді. Осылайша, Мәриямның желтоқсан айының соңында құрсақ көтергенін анықтайды. Бұдан кейін «құраншылар» көктен періштелер түсіп, Мәриямға Алланың әмірімен құрсақ көтеретіні, Иса есімді ұл туатыны жөнінде Құранда баяндалатын аятты келтіреді. Олар егер Мәриям құрсақ көтеретін күнгі кеште көктен періштелер түссе, ол түннің Қадыр түні екені жөнінде тұжырым жасайды. Яғни, «құраншылардың» есебінше, Қадыр түні – Мәриям Иса пайғамбарға жүкті болған түн.

«Құраншылар» «Қадыр түні – желтоқсан айының ішінде - 21-інен 22-іне қараған түн» деген тұжырымды тағы екінші жолмен дәлелдейді. Олардың ойынша, Алла адамдарға өзінің жасайтын жақсылығынан аянған емес. Егер Қадыр түнінен адамдар көп жақсылық күтетін болса, онда Алла ол түннің ең ұзақ болуына ықыласты. Яғни, Қадір түнінің ең ұзақ түн болы тиіс. Осындай тұжырымға келген «құраншылар» жылдың ең ұзақ түнін іздейді. Ол – желтоқсан айының 21-інен 22-іне қараған түн. «Құраншылардың» ойынша, дәл осы түнде Мәриям Иса пайғамбарға жүкті болған, дәл осы күні Құран мен Тәурат түскен.

Берік Мыңжасар

Айдары: Текемет 17.05.2020 260

Қатысты мазмұн