Қостанайда 11 тұрғын үй жанып кетті

none

9 мамыр кешке Қостанай қаласында Тобыл өзені жағасындағы бір жарым гектар аумақта қамыс-қоға өртенген. Қатты желдің әсерінен өрт сол жерге жақын тұрған үйлерге тез ойысқан.

Салдарынан 11 тұрғын үй, 6 қора-қопсы мен төрт автокөлік жанып кетті, тағы екі үй ішінара бүлінді деп хабарлады жергілікті төтенше жағдайлар қызметі.

Сағат бес жарым шамасында шыққан өрт төрт сағаттан кейін өшірілген. Төтенше жағдай қызметкерлері өрт болған аймақтан 25 адамды (бесеуі – бала) көшірген. Жергілікті билік баспанасы өртеніп кеткен адамдар қаладағы профилакторийлердің біріне орналастырылғанын айтады.

Өрттің неден шыққаны және келген шығын көлемі анықталып жатыр.

Айдары: Найзағай 10.05.2022 74

Қатысты мазмұн