Қостанай облысында құс тұмауына байланысты карантин енгізілді

none

Қостанай облысында құс тұмауының алғашқы жағдайлары тіркелді. Облыстағы Сарыкөл, Ұзынкөл және Меңдіқара аудандары карантинге жабылды.

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Самат Қалиевтің айтуынша, ірі құс фабрикаларында өлім жоқ. Сарыкөл ауданындағы Маяк ауылы, Ұзынкөл ауданы Сокол және Меңдіқара ауданындағы Красная Пресня ауылдары тұмаудың ошағы болған. Барлығы 384 құс өлген, барлығы жеке үй шаруашылығынан. Барлық құс өртенген.

Осы үш ауылдың аумағында 21 күнге карантин енгізілді (құс өнімдерін экспорттауға тыйым салынды). Кейін сараптама үшін құстан қан алынады. Егер диагноз расталса, карантин ұзартылады.

"Облыста жоғары патогенді құс тұмауына қарсы вакцина алынды, 21 мың доза. Вакцинация басталды", - деді Қалиев.

Самат Қалиев мұндай қауіпті уақытта құс пен жұмыртқаны рұқсат етілмеген сауда орындарынан сатып алмау керегін ескертті.

Сонымен қатар, санитар дәрігерлер қолды жиі жуу, маска тағу, дымқыл майлықтарды қолдану қажеттілігі туралы айтады. Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде шұғыл түрде дәрігермен кеңесу қажет. Бірақ бұл инфекция адамнан адамға жұқпайды.

Айдары: Найзағай 24.09.2020 19

Қатысты мазмұн