Қордай ауданындағы қақтығыстың себебі талқыланды

none

Аламтыда Жалпыұлттық социал демократиялық партиясы (ЖСДП) «Ассамблея – ұлттар арасындағы татулықтың кепілі ме?» атты талқылау өткізді. Жамбыл облысының Қордай аданындағы Масанчи ауылының төңірегінде болған жергілікті тұрғындар арасындағы қақтығыстың себептері мен салдарын талқылауға белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар және қоғам белсенділері қатысты.

Талқылауға қатысқандардың басым бөлігі Қордай ауданында болған қақтығыстың тұрмыстық кикілжіңнен туғанын, оны ұлтаралық жанжал дәрежесіне көтеруге тырысқан арандатушы элементердің қоздырғанын айтты. Сондай-ақ, осы жанжалға әлеуметтік теңсіздік пен жастар арасындағы тәрбиенің нашарлап кетуі де себеп болғаны сөз болды.

Жиында Қазақстан халықтары ассамблеясының жұмысына да сын айтылды. Елдегі ұлтаралық татулық пен өзара түсіністікті қалыптастыруға тиіс ұйым соңғы жылдары этнографиялық ойын-сауықпен айналысып кетті. Осы және басқа сепептердің салдарынан қордаланған проблемалар бар. Оны үкіметтік деңгейде шешу керек.

Айдары: Найзағай 13.02.2020 33

Қатысты мазмұн