Қазақстандықтар Наташа Королеваға құштар емес

none

8 желтоқсанда Ақтөбеде ресейлік әнші Наташа Королеваның үлкен шығармашылық концерті өтуі керек болған, алайда концерт болмады, - деп хабарлайды "Диапазон".

Әншінің өнерін тамашалап, тыңдағысы келетіндердің аз болғаны соншалық, концерттен бас тартуға тура келген. Концерттің болмайтыны туралы ұйымдастырушылар бір күн қалғанда айтқан. Көрермендердің аз болуына байланысты 9 желтоқсанда Қарағандыда жоспарланған Короеваның концерті де өтпейді. 10 000 мен 20 000 теңгелік билеттердің тек жартысы сатылған. Ақтөбеліктер бүгін билетке жұмсалған ақшаларын қайтарып алады.

Айдары: Найзағай 09.12.2019 44

Қатысты мазмұн