Қазақстандағы қант индустриясын күйреткен Әбілязов

none

БТА-банктің қаражатын жымқырып, шетелде қашып жүрген олигарх және «күрескер-демократ» Мұхтар Әбілязов Қазақстанда болып жатқан қант тапшылығына тікелей себепші болған екен. Атамекен-бизнес арнасында жарияланған ақпарат бойынша Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізде 8 қант зауыты жұмыс істеген. Оның барлығы Әбілязовтың меншігінде болған. Өндіріс орындарына қоса 100 мың гектар егістік жер және құрамында қанты бар 300 мың килограмм объект болған екен.

Бірақ біраз уақыттан кейін анықталғаны, қант шығару саласында табысқа жету Әбілязовтың қолынан келмейді екен. Сөйтіп, қант зауыттары жабыла бастады. Соның нәтижесінде 150 мың адам жұмыссыз қалды.

Бұл деректі ауыл шаруашылығы саласындағы сарапшы Алмасбек Садырбаев мәлім етті. Айтуынша, оның қолында нақты дәлел бар. Қант қызылшасын өсіріп, өңдеумен бас қатырғысы келмеген Әбілязов Үкіметке «Біз қант қызылшасын екпейміз. Шетелден қант тростнигін алып келеміз де, оны өңдейміз» деген ұсыныспен шығады. Үкіметтің келісімін алады да барлық зауыттың жұмысын тоқтатады. Бірақ шетелден қант тростнигін әкеле береді. Ақырында олигарх бұл өнімді сатуға болатынын түсінді. Оны шетелден әкеле беріп сауда-саттық жасауды ұсынды. Қазақстандағы зауыттың бәрін жауып, үлкен холдинг құруға бастамашы болды. Бұл холдингтің табысы қант сатудан түсуге тиіс болған.

Қазір бұл жағдай ұмыт болған, бірақ дәл сол кезден бастап Қазақстанның қант саласы өндіруші болуды қойып, импорт өнімін тұтынушыға айналды. Бүгінгі қант тапшылығына байланысты жағдай Әбілязовтың сол кездегі шешімінің тікелей салдары, дейді сарапшы.

Бұған қашқын банкир мүлдем келіспейтінін айтып, қант бизнесімен 95-96 жылдарда ғана айналысқанын, одан қант индустриясын Рахат Әлиев тартып алғанын, сөйтіп қант саласының күйреуіне еш қатысы жоқ екенін жазып, оның атында ондай нысанның болғанын дәлелдейтін құжат көрсетуді талап етіп, аудиториясы алдында ақталуға барын салып жатыр. Бірақ дүние-мүлкін өзінің атына жазбай жасырудың, тез баюдың схемасын құрудың шебері екенін көрсеткен оның сөзіне кім сенеді?

S

Айдары: Түтін 09.08.2022 54

Қатысты мазмұн