Қазақстанда жаңа агенттік құру ұсынылды

none

Елімізде жер ресурстарын басқару туралы агенттік құру ұсынылды. Бұл бастама Жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысында айтылды.

Экономика мәселелері жөніндегі жұмыс тобының мүшелері Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінде тек 38 адам жұмыс істейтін орталық аппарат қалғанын атап өтті. Барлық өңірлік жер инспекциясы әкімдіктердің қарамағына өткен.

Сондықтан жұмыс тобының мүшелері мемлекеттік бақылау функцияларын беру мәселесін көтерген. Парламент Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаев отырысқа қатысқан 30 адамның 27-сі бастаманы қолдағанын хабарлады. Үш адам қарсы дауыс берді.

Primeminister.kz сайтында жұмыс тобы жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау функцияларын ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің қарамағына қайтаруды құп көргені жазылды.

2014 жылдан бастап жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау функциялары жергілікті атқарушы органдарға жүктеді, ал 2018 жылы аудан әкімдеріне бақылау функциялары берілді.

Сонымен қатар, барлық салада бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру тәжірибесі бақылау органдарының (орталық-облыс-аудан) барынша тиімділігін көрсетеді.

"Салыстырмалы талдау көрсеткендей, 2013 жылдан бері жерді пайдалану және қорғау мәселелері бойынша әкімдіктер жүргізген тексерулер саны 2,6 есеге, ал анықталған заң бұзушылықтарды жою 4,5 есеге артқан", - деді мәселенің өзектілігін түсіндірген Ерлан Барлыбаев.

Оның айтуынша, жерді пайдалану мен қорғауды бақылау функцияларын орталық уәкілетті органға беру мәселесін Парламент депутаттары, Бас прокуратура, Жоғарғы сот, "Атамекен" ҰКП және тағы басқалар көтеріп отыр.

Айдары: Найзағай 03.04.2021 62

Қатысты мазмұн