Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 11 адамға көбейді

none

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 31 наурыз күндізгі сағат 15:30-да Қызылорда облысында - 10 адам, Павлодар облысында бір адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Елде науқастар саны 336 адамға жетті.

Барлығы 22 адам (Нұр-Сұлтан - 15, Алматы - 7) аурудан жазылған. Екі адам көз жұмған. 31 наурызда түнде Нұр-Сұлтанда 50 жастағы ер адам вирустан көз жұмды. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам қайтыс болған.

Вирус жұқтырған 336 адам мына қалаларда:

Нұр-Сұлтанда - 175 адам
Алматыда - 82 адам
Қарағандыда - 13 адам
Атырау облысында - 13 адам
Ақмола облысында - 10 адам
Алматы облысында - 8 адам
Қызылорда облысында - 18 адам
Жамбыл облысында - 3 адам
Шымкентте - 2 адам
Батыс Қазақстан облысы - 2 адам
Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
Ақтөбе облысында - 3 адам
Солтүстік Қазақстан облысында - 2 адам
Павлодар облысында - 2 адам
Маңғыстау облысында - 1 адам

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған. Қазір коронавирустың таралуын тоқтату үшін Қазақстанның басым бөлігінде жұрттың сыртқа шығуына шектеу қойылған.

Айдары: Найзағай 31.03.2020 27

Қатысты мазмұн