Қазақстанда вирус жұқтырғандар 61 мыңнан асты

none

Кеше, 13 шілде күні Қазақстанда 1856 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Тәулік көрсеткіші бойынша Шығыс Қазақстан облысы көш бастады. Облыста бір күнде 225 адамнан КВИ анықталған. Алматы қаласында 220 адамның, Нұр-Сұлтан қаласында 211 адамның COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны расталған. Кейінгі аптада вирус жұқтырғандар саны күн сайын шамамен 300 адамға артып отырған Атырау облысында 190 адамның КВИ жұқтырғаны анықталды.

Аймақтар бойынша жағдай мынадай:

Атырау облысы - 8118 (+190 адам жаңадан қосылған), Алматы қаласы - 7811(+220), Нұр-Сұлтан қаласы - 6899 (+211), Қарағанды облысы - 6346 (+102), Шымкент қаласы - 4147 (+80), Батыс Қазақстан облысы - 4128 (+138), Шығыс Қазақстан облысы - 3237 (+225), Алматы облысы - 3209 (+79), Ақтөбе облысы - 2349 (+171), Түркістан облысы - 2301 (+59), Жамбыл облысы - 2267 (+78), Маңғыстау облысы - 2073 (+24), Павлодар облысы - 1876 (+73),

Қызылорда облысы -1846 (+62), Солтүстік Қазақстан облысы - 1770 (+59), Ақмола облысы - 1727 (+39), Қостанай облысы - 1651 (+46).

Айдары: Найзағай 14.07.2020 40

Қатысты мазмұн