Қазақстанда вирус жұқтырғандар 40 мыңға жуықтады

none

29 маусым күні Қазақстанда 1495 адамнан коронавирус анықталды. Оның 492-сінде ауру симптомдары байқалған. Бір тәулікте 75 адам жазылып, 10 адам қайтыс болған.

Қазақстан 3 маусымнан бастап вирус жұқтырғандарды ауру белгілерінің бар-жоғына қарай “ауырғандар” және “тасымалдаушылар” деп екі бөлек санақ жүргізіп отыр. Коронавирус жұқтырғандардың негізгі статистикасына тек “ауырғандар” кіріп отыр.

“Ауырғандар” арасында көш басында Нұр-Сұлтан (3845 адам) мен Алматы қаласы (3775 адам), “тасымалдаушылар” арасында Қарағанды (2380 адам) және Атырау (2264 адам) облыстары тұр.

Жалпы есептегенде эпидемия басталғалы Қазақстанда коронавирус 39 461 адамнан анықталған. Оның 13 мыңы жазылып шыққан, 188-і қайтыс болған.

Соңғы күндері Қазақстанда пневмониядан қайтыс болғандар күрт артқан. Мысалы, Ақтөбе облысында маусым айында пневмониядан 62 адам қайтыс болған. Денсаулық сақтау басқармалары бұл адамдардан коронавирустың белгілері байқалғанын, бірақ ПТР талдау теріс нәтиже көрсеткенін айтты.

Айдары: Найзағай 30.06.2020 56

Қатысты мазмұн