Қазақстанда вирус жұқтырғандар 38 мыңға жуықтады

none

Қазақстанда 28 маусым күні 37 966 адамнан коронавирус анықталды. Ауру симптомдары оның 547-сінде болса, 1066-сында байқалмаған. Бір тәулікте 195 адам емделіп, 12 адам қайтыс боды.

Қазақстан билігі 3 маусымнан коронавирус жұқтырғандарды ауру белгілерінің бар-жоғына қарай “ауырғандар” және “тасымалдаушылар” деп екі бөлек санақ жүргізіп келеді. Негізгі статистикаға тек “ауырғандар” қосылып жатыр. Бөлмей санағанда вирус жұқтырғандардың жалпы саны – 37966. Оның 13 мыңға жуығы жазылып, 178-і қайтыс болды.

Қайтыс болғандардың 35 пайызға жуығы – Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары.

Вирус жұқтырған және салдарынан қайтыс болған адамдардың саны бұдан көп болуы мүмкін. Соңғы күндері республиканың бірнеше өңірінде пневмонияға шалдыққан адамдардың саны күрт артып, өлім саны көбейген. Алайда олардан коронавирус анықталмаған. Дәрігерлер ол науқастарды коронавирус хаттамасы бойынша емдеуге көшкен.

Айдары: Найзағай 29.06.2020 10

Қатысты мазмұн