Қазақстанда үшінші науқас коронавирустан көз жұмды

none

1 сәуір таңертең денсаулық сақтау министрлігі Қарағандыда бір науқас коронавирустан көз жұмды деп хабарлады.

Қазақстанда барлығы үш адам вирустан қайтыс болды. 31 наурызда Нұр-Сұлтанда 50 жастағы ер адам қайтыс болған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны көз жұмған еді.

Министрліктің дерегінше, Нұр-Сұлтанда - 6, Алматыда - 2, Қарағанды облысында -1, Ақмола облысында - 6 адамға вирус жұққаны анықталған.

Елде науқастардың жалпы саны 363 адамға жетті

Айдары: Найзағай 01.04.2020 25

Қатысты мазмұн