Қазақстанда үш саяси партия тіркеуден өтіп жатыр

none

Әділет министрі Қанат Мусин 19 қыркүйекте ОКҚ өткен брифингінде қанша саяси партияны тіркеу рәсімінен өтіп жатқанын хабарлады.

"Бүгінгі күні үш партия тіркеу рәсімінің бірінші кезеңінен өтті. Олар кеңестер съезін өткізу және партия активін жасақтау кезеңінде тұр", - деді Мусин.

Қолданыстағы заңға сәйкес, партияны тіркеу үшін оның кемінде 20 мың мүшесі болуы керек. Олар еліміздің көпшілік өңірінде болуға тиіс – яғни әр аймақта кемінде 600 партия мүшесі болуы керек.

«Халық дербестігі» партиясы съезін өткізіп, мүшелерінің тізімін Әділет министрлігіне тапсырды. Қазір тізімдер тексеріліп жатыр. «Намыс» және «Байтақ» партиялары съезд өткізу сатысында. Қалған партиялар әзірге Әділет министрлігіне хабарлама жіберу кезеңінен өткен жоқ, өйткені олардың құжаттары заң талаптарына сәйкес келмейді», - деді Мусин.

Министр келтірген дерек бойынша, 2019 жылдан бері 18 партиядан хабарлама келіп түскен.

Министрдің айтуынша, олардың 5-еуі сонау 2019 жылы өтініш берген, бірақ одан әрі ешқандай іс-қимыыл жасаған жоқ, сондықтан хабарламалары жарамсыз болып қалды. 13-і қалды, оның 3-еуі өтті. Қалғандары ұйымдық кезеңнен өтуде.

Айдары: Текемет 19.09.2022 59

Қатысты мазмұн