Қазақстанда тағы 186 адамнан пневмония анықталды

none

22 қазанда Қазақстанда 179 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Денсаулық сақтау министрлігінің таратқан ақпараты бойынша, бейсенбі күні ең көп науқас Алматы қаласында (44) тіркелген. Шығыс Қазақстан облысында - 20, Нұр-Сұлтан қаласында - 20, Павлодар облысында - 20, Қарағанды облысында 16 адамнан коронавирус анықталған.

Елде наурыз айынан бері 110 086 адамға коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталған: 105 мыңнан астамы жазылған. 1806-ы қайтыс болған. Бұл статистикаға коронавирус жұқтырған бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген 600-ден астам адам өлімі енгізілмеген.

Covid жөніндегі ұлттық статистикаға 1 тамыздан бері есебі жүргізіліп келе жатқан коронавирус пневмониясына шалдыққандар саны енгізілмей отыр. 1 тамыздан 22 қазанға дейін аурудың бұл түрі 36 мыңнан астам адамнан анықталып, 390-ы қайтыс болған.

Джонс Хопкинс университеті Қазақстанның ресми дерегіне сүйеніп, тек Covid тестімен расталған науқастардың дерегін көрсетсе, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid пен коронавирус пневмониясы дерегін біріктіріп көрсетіп отыр.

Екі деректі қосқанда Қазақстанда вирус жұқтырғандар 146 мыңнан асады.

Айдары: Найзағай 23.10.2020 9

Қатысты мазмұн