Қазақстанда ресейлік банктердің еншілес компанияларының шоты бұғатталды

none

Батыс санкцияларына байланысты Ресейдің Қазақстандағы еншілес банктерінде Қазақстан азаматтарының 9,2 миллиард теңгеге ( 23 мамырдағы валюта бағамы бойынша 21,5 миллион доллар - ред.) жуық ақшасы бұғатталған. Бұл ақпаратты Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова жариялады. Ол мұны депутат сауалына жауап бергенде айтқан.

Қазақстан азаматтарының бұғатталған ақшасының негізгі бөлігі "Альфа-Банкте" — 6,2 миллиард теңге. "Сбербанкте" 2,7 миллиард теңге, "Банк ВТБ (Қазақстанда)" — 300 миллион теңге бұғатталған.

"Мұнан өзге шетел банктері "еншілес" "Сбербанктегі" кейбір клиенттердің шетел валюсымен көрсетілген 2,9 миллиард төлемін бұғаттап тастаған. Еншілес "Альфа-Банкте" 3,9 миллиард теңге шетел валютасымен төлемі мен аударымы күйінде бұғатталған", — дейді ведомство.

Ведомство жауабында "Альфа-Банк Қазақстанның" жаңа акционері "Банк ЦентрКредит " АҚШ пен өзге де елдердің санция тізімінен шығару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ресейдің ВТБ банкінің еншілес бөлімінде төлемдер мен аударымдар бұғатталмаған" деп көрсеткен.

"Банк клиенттері операцияларын бұғаттан шығару үшін АҚШ регуляторынан (OFAC) рұқсат алу керек, ол үшін регулятордың интернет ресурсына арнаулы форманы толтырып жіберу қажет. Қазір банктер өз клиенттерінің OFAC дицензиясын алуына көмектесіп жатыр", — дейді Әбілқасмова жауабында.

Осы айдың басында "Банк ЦентрКредит" "Альфа-Банк Қазақстан" акциясын 100 пайыз сатып алғаны туралы келісімнің аяқталғанын хабарлаған. Оған Қаржы нарығын ретттеу және дамыту агенттігі келісім берген. Осыдан кейін "Альфа-Банк" Қазақстан атауы Eco Center Bank болып өзгерген.

Қаржы нарығын реттеу агенттігі банк акционерлерінің өзгергені - "Альфа банктің" АҚШ пен өзге де елдер салған санкциядан шығуына және оның клиент алдындағы барлық міндеттемелерін орындауға мүмкіндік беретінін айтқан.

Айдары: Найзағай 23.05.2022 121

Қатысты мазмұн