Қазақстанда пара беру үдеп барады

none

Қазақстанның қай өңірлерінде жиі пара берілетіні белгілі болды. Жалпы елімізде сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар саны бір жылда 11 пайызға өскен, - деп хабарлайды Finprom.kz.

Сарапшылардың есептеуінше, 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында елде мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы 1,6 мың сыбайлас жемқорлық және басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелген - бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 12,6 пайызға аз.

Олардың үштен екісі парақорлық жағдайлары екен. Жыл басынан бері елде парақорлықтың 993 жағдайы тіркелген, бұл 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,4 пайызға көп. Оның ішінде 555 жағдай - пара алу, 404 жағдай - пара беру, 34 жағдай делдалдық.

Өңірлер бойынша алатын болсақ, сарапшылардың айтуынша, Батыс Қазақстан облысы парақорлық бойынша антилидер қалалардың тізімінде: онда 97 жағдай тіркелген. Екінші және үшінші орындарда Алматы (87 жағдай) және Шығыс Қазақстан (76 жағдай) облыстары тұр.

Айдары: Найзағай 24.09.2020 50

Қатысты мазмұн