Қазақстанда өткен тәулікте 76 адамнан коронавирус табылды

none

22 қыркүйекте Қазақстанда 76 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Бір күнде 155 адам жазылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Сейсенбі күні ШҚО-да – 28, Нұр-Сұлтанда 20 науқас анықталды. Шымкент қаласы, Жамбыл, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында бірде-бір науқас тіркелмеген.

Осылайша коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталғандар саны 107 450 адамға жетті. Басым бөлігі жазылған. Наурыз айынан бері 1703 адам қайтыс болған. Бұл статистикаға "ілеспе аурулардан" қайтыс болған жүздеген адам өлімі енгізілмеген. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққандарды да бұл дерекке қоспай отыр. 1 тамыздан бері пневмонияның бұл түріне шамамен 31 168 адам шалдыққан. 345 адам қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қазақстанда 138 542 адам коронавирус ауруына шалдыққан. 2043 адам қайтыс болған.

Статистика комитетінің мәліметінше, биыл қаңтар мен шілде айында былтырғы жылмен салыстырғанда адам өлімі көп болған. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мұны індетпен байланыстырғанмен адам өлімінің нақты себептері айтылмады.

Айдары: Найзағай 23.09.2020 18

Қатысты мазмұн