Қазақстанда коронавирустан тағы 16 адам қайтыс болды

none

Қазақстанда коронавирустан 16 адам өлімі тіркелді.

Елде коронавирустан қайтыс болғандар саны 280-ге жеткен. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі 264 адам өлімі тіркелгенін хабарлаған болатын. Әзірше ведомстводағы ақпарат жаңарған жоқ.

Еске салайық, Қазақстанда бір тәулікте 1376 адамнан COVID-19 табылған еді. Елде вирус жұқтырғандар саны 51 мыңнан асты.

Айдары: Найзағай 08.07.2020 12

Қатысты мазмұн