Қазақстанда коронавирустан бір адам өлді

none

Қазақстанда бір адам коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы 26 наурыз 20:30-да ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады.

«Өкінішке қарай бүгін коронавируспен науқас бір әйел қайтыс болды. Бұл орны толмас ауыр қаза. Марқұмның жақындарына көңіл айтамыз», - деді Дәурен Абаев.

Бұл - Қазақстанда Covid-19 дертінен қаза тапқан алғашқы адам.

Абаевтың сөзінше, қайтыс болған әйел адам Нұр-Сұлтанда емделіп жатқан.

Айдары: Найзағай 26.03.2020 14

Қатысты мазмұн