Қазақстанда кәрі адамдардың саны артып барады

none

Қазақстан халқы қарқынды қартайып жатыр. Сарапшылар осындай шешімге келген, - деп хабарлайды Ranking.kz. Бүгінде әлемде 7,7 миллиард адам тұрады. БҰҰ болжамы бойынша, 2050 жылға қарай халық саны 9,7 миллиардқа дейін артады.

Қазақстанда да өсім болады: егер қазір елдегі адам саны 18,4 миллион болса, 2050 жылға қарай ол 24 миллионға дейін өседі. Соңғы 10 жылда елдегі халық санының орташа өсуі жылына 1,5 пайыз болған. Халықтың өсуі қарт адамдар үлесінің өсуіне алып келеді. Егер қазір әлемде 65 жастан асқан 702,9 миллион адам тұрса (жалпы көрсеткіштің 9 пайызы), 2050 жылға қарай олардың саны 1,5 миллиард адамға (16 пайызы) жетеді.

Қазақстанда да осы тенденция байқалады: егер 2014 жылы 65 жастан асқан тұрғындар халықтың 6,8 пайызын құраса, 2018 жылдың соңында - 7,5 пайыз болды. Болжам бойынша, 2050 жылға қарай елдегі қарт адамдардың саны екі есеге артады. Бұл ретте Қазақстанда өмір сүру ұзақтығының өсуі күтіледі. Мәселен, 2014 жылы ол 71,44 жасты құраған, ал 2018 жылдың соңында 73,15 жылға дейін өсті. Өмір сүру ұзақтығының айтарлықтай өсуі, басқалармен қатар, халықтың өмір сүру сапасының өсуімен байланысты.

text

Қазақстанда 2019 жылдан бастап 2050 жылға дейінгі кезеңде әлеуетті қолдау коэффициенті екі есеге төмендейді деп күтіледі. Бұл дегеніміз, 65 жастан асқан бір зейнеткерге еңбекке қабілетті жастағы 3,5 адам ғана келеді. Салыстырып көрейік: 2018 жылдың соңында бір зейнеткерге 6,8 еңбекке жарамды адам, ал 2014 жылы - 7,5 адамнан келетін. Бұл көрсеткіштер еңбек нарығында, экономикалық көрсеткіштерге, әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету бөлігінде мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемеге әсер етуі мүмкін.

Биылғы қыркүйек айының соңында әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік бюджет шығыстары жылына 26,6 пайызға өсті. Соңғы бес жылда сектордағы мемлекеттік бюджеттің шығыстары орташа есеппен жылына 14,3 пайызға өсті.

Еңбекке қабілетті халыққа жүктеменің өсуіне байланысты әлемде тарату үлгісіндегі зейнетақы жүйелерінен жинақтаушы үлгідегі жүйелерге көшу жөніндегі жаһандық тренд байқалады. Олардың арақатынасы 2018 жылы 50 пайыз болған. Бұл ретте 2008 жылы жинақтау жүйесіне небәрі 40 пайыз, ал 1998 жылы - 30 пайыз.

text

Соңғы 20 жылда жиынтық зейнетақы активтеріндегі жинақтаушы жүйе активтерінің үлесі 20 пайызға өсті. Биылғы қыркүйек айының соңында Қазақстанда халықтың зейнетақы жинақтарының сомасы 10,4 триллион теңге болған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 17,2 пайызға артық (8,9 триллион теңге). Соңғы бес жылда қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары орташа есеппен жылына 20,3 пайызға өсіп отыр.

text

Биыл тоғыз айдың қорытындысы бойынша БЖЗҚ-да 308,5 мың жаңа жеке зейнетақы шоты ашылды. Оның 273,6 мыңы - міндетті зейнетақы жарналары есебінен, 28 мыңы - міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша, 6,9 мыңы - ерікті зейнетақы жарналары бойынша. Зейнетақы төлемдері 154,2 миллиард теңгеге жетті, бұл өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 23,2 миллиард теңгеге (немесе 17,8 пайызға) жоғары.

Айдары: Дүрбі 27.11.2019 143

Қатысты мазмұн