Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

none

2 тамызда аяқталатын карантин режимі кезінде Қазақстан эпидемиологиялық жағдайды тұрақты ете алды. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді.

Үкімет отырысында коронавирус инфекциясымен күрес шаралары және елдегі эпидемиологиялық жағдай талқыланды. 2020 жылғы 2 тамызда аяқталатын карантин режимі кезінде Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайды тұрақты және медициналық ұйымдардың жүктемесі айтарлықтай азайды. Сондай-ақ аймақтарда дәрілердің қажетті қоры құрылғаны хабарланды.

"Бізге қазіргі эпидемиологиялық жағдай көрсеткіштерін жақсарту керек. Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастауды ұсынды. Осы айдағы жағдайды ескере отырып, біз бұл жоспарды мемлекеттік комиссия отырысында қараймыз және тиісті шешім шығарамыз", - деді Асқар Мамин.

Елімізде аурудан айыққандардың саны 63 пайыздан артты. Тәулік сайын жұқтыратындардың көрсеткіші 4 пайыздан 1,7 пайызға, стационарларда төсек-орын 46 пайызға дейін, жедел жәрдем шақыру 38 пайыз төмендеді.

Еске салайық, бүгін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 3 тамыздан бастап карантин шараларын жеңілдетуді ұсынды.

Айдары: Найзағай 28.07.2020 19

Қатысты мазмұн