Қазақстанда бір күнде 356 адамнан вирус табылды

none

Өткен тәулікте Қазақстанда 356 адамнан коронавирус табылды. Коронавирус жұқтырғандар саны жағынан республикада алдыңғы орындарда тұрған Алматы қаласында - 84, Нұр-Сұлтан қаласында - 48 адамға вирус жұққан. Батыс Қазақстан облысы, Маңғыстау облысында ондаған адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы 29 мамырда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Елде барлығы 9932 адамға вирус жұққан:

Алматы қаласы – 84 (Барлығы 2462)
Нұр-Сұлтан қаласы - 48 (Барлығы 1868)
Атырау облысы – 21 (Барлығы 980)
Шымкент қаласы – 32 (Барлығы 762)
Қарағанды облысы – 34 (Барлығы 788)
БҚО – 51 (Барлығы 544)
Жамбыл облысы – 3 (Барлығы 365)
Түркістан облысы – 0 (Барлығы 354)
Алматы облысы – 7 (Барлығы 326)
Қызылорда облысы – 6 (Барлығы 330)
Ақтөбе облысы – 0 (Барлығы 304)
Павлодар облысы – 5 (Барлығы 197)
Маңғыстау облысы – 40 (Барлығы 217)
Ақмола облысы – 2 (Барлығы 151)
Қостанай облысы – 0 (Барлығы 136)
ШҚО – 23 (Барлығы 97)
СҚО – 0 (Барлығы 51)

Бір күнде 132 адам жазылған. Барлығы 4900 адам айыққан. 37 адам қайтыс болған.

Айдары: Найзағай 29.05.2020 46

Қатысты мазмұн