Қазақстанда бір күнде 1,5 мың адамнан вирус анықталды

none

1 шілдеде Қазақстанда 1509 адамнан коронавирус анықталды. Оның 981-інде аурудың клиникалық белгілері байқалмаған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Нұр Сұлтан қаласы - 81
Алматы қаласы - 195
Шымкент қаласы - 43
Ақмола облысы - 52
Ақтөбе облысы - 63
Алматы облысы - 111
Атырау облысы - 287
Шығыс Қазақстан облысы - 111
Жамбыл облысы - 45
Батыс Қазақстан облысы - 112
Қарағанды облысы - 97
Қостанай облысы - 11
Қызылорда облысы - 105
Маңғыстау облысы - 83
Павлодар облысы - 59
Солтүстік Қазақстан облысы - 28
Түркістан облысы - 26

Ресми дерек бойынша, вирус жұқтырғандардың жалпы саны 42574-ке жетті.

Вирус жұқтырғандардың жалпы саны ресми деректегіден көп болуы мүмкін. 19 маусым күні денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева COVID-19 инфекциясының бар-жоғын анықтайтын ПТР талдауын 56 зертхана жүргізіп отыр деп айтқан. Олардың арасында жекеменшік зертханалар көп. Соңғы екі “Олимп”, Invivo, “МПК” секілді жекеменшік зертханалар ПТР талдауын жүргізуді не жартылай не толық тоқтатқан. Тұрғындар ПТР анализін тапсыру қиындығын шағынған.

Ақтаева сондай-ақ бір тәулікте алынатын тест саны 28 мыңға жеткенін, келешекте 35 мыңға жететінін айтқан. Алайда 1 шілде күні денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова алдыңғы тәулікте 19,5 мың тест жасалғанын айтты. Сондай-ақ, ел өңірлерінде пневмонияға шалдығып, салдарынан қайтыс болып жатқанда күрт артты. Жергілікті денсаулық сақтау басқармалары ПТР талдауы теріс нәтиже көрсетіп жатқанын, бірақ клиникалық белгілері бойынша COVID-19 ауруына ұқсайтынын айтқан.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирустан 188 адам қайтыс болған. Үкімет COVID-19 өлімін 30 маусымнан бері жаңартпады. Кісі өлімі жөніндегі дерек соңғы рет 29 маусым өзгерді. Оған дейін күніне он шақты кісі өлімі хабарланып отырған.

Айдары: Найзағай 02.07.2020 23

Қатысты мазмұн