Қазақстанда базалық мөлшерлеме өсті

none

Ұлттық банк Қазақстанда базалық мөлшерлемені жылдық 9,5 пайызға дейін көтеру туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Ұлттық банк баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1,00 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 9,50 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Тиісінше өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 10,50 пайыз, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 8,50 пайыз болады", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, шешім жаһандық сұраныстың қалпына келуі шығару мүмкіндіктерінен жоғары болған кездегі азық-түлік пен шикізат бағасының жалпы әлемдік инфляциялық өсу үрдістерінен туындаған экономикадағы басым проинфляциялық қысымға негізделген. Ішкі маусымаралық күтпеген өзгерістер тұтынушылық сұранысты белсенді түрде қалпына келтіретін сол қысымды, сондай-ақ электр энергиясына, газ бен ЖЖМ бағасының өсуін күшейтеді.

"Нәтижесінде жылдық инфляция 8,7 пайызға дейін жеделдеді.

COVID-19-дың қайта өршуі әлемдегі іскерлік белсенділікті бәсеңдетіп, проинфляциялық процестерді күшейте отырып, жаһандық жеткізілім мәселелерін ушықтырды. ХВҚ болжамдары бойынша, биылғы жылы вакцинация мен ынталандыру шаралары аясында әлемдік экономика бірте-бірте 2022 жылы баяулай отырып, тез қалпына келуін көрсетеді. Қазақстанның сауда серіктестері болып табылатын елдер экономикаларының өсуі бойынша халықаралық ұйымдардың болжамдары ЕО және Ресей бойынша жақсарды, ал Қытай бойынша аздап төмендеді. Жаһандық инфляциялық қысым азық-түлік өнімдеріне, шикізатқа, металдар мен автомобильдерге бағаның ұлғаюы аясында жоғары деңгейде қалуын жалғастырып жатыр", - делінген хабарламада.

Азық-түліктің жоғары әлемдік бағаларымен инфляциялық үрдіске қосылатын үлес қалыптасады. Бұған – 2021 жылғы тамызда ФАО азық-түлік бағалары индексінің жылдық 32,9 пайызға өсуі дәлел, делінген сайтта.

Айдары: Найзағай 13.09.2021 41

Қатысты мазмұн