Қазақстанда А гепатитін жұқтырып алушылар қарасы көбейген

none

Қазақстанда А гепатитіне шалдығушылар көбейе бастады. Биыл бұл дертке шалдыққан науқастар саны 2023 жылмен салыстырғанда 1,9 есе жоғары көрсеткішке ие, деп жазады Zakon.kz.

"2024 жылдың басынан бері елімізде жіті А вирустық гепатитінің 850 жағдайы тіркелді, бұл - өткен жылмен салыстырғанда 1,9 есе жоғары көрсеткіш", делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 24 наурызда таратқан хабарламасында.

А вирустық гепатиттің берілу жолдары: лас сумен, бұзылған тағаммен және науқаспен байланыста болғаннан кейін кір қолдар арқылы беріледі.

А вирустық гепатиті ауруының белгілері:

  • дене температурасының жоғарылауы,

  • бастың ауруы,

  • тәбеттің төмендеуі,

  • енжарлық,

  • жүректің айнуы, құсу.

Инкубациялық кезең - 14-тен 35 күнге дейін.

А гепатитімен ауыратын науқас симптомдар пайда болғанға дейін екі аптада және бір аптадан кейін басқаларға ауруды жұқтыра бастайды.

Вакциналау А вирустық гепатитінен қорғайды.

Вакцинациялауға жататын топтар:

  • екі жастағы балалар;

  • инфекция ошақтарындағы науқаспен байланыстағы адамдар.

Гепатиттен қалай сақтануға болады:

  • тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, жұмыстан оралғанда, серуендегенде қолыңызды жуыңыз;

  • ашық су қоймаларынан алынған суды қайнатпай ішпеңіз және онымен жемістер мен көкөністерді жууға болмайды;

  • ластанған су айдындарында шомылуға болмайды.

Айдары: Найзағай 25.03.2024 27

Қатысты мазмұн