Қазақстанда 43 градусқа дейін ыстық болады

none

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа температурасы жоғарылайды, - деп хабарлайды "Қазгидромет" . Синоптиктердің мәліметінше, күндіз 13 шілдеде Қостанай облысында оңтүстікте 37 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжанады.

13 шілдеде Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл сақталады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с күтіледі. Күндіз 43 градус қатты ыстық күтіледі

Түнде 13 шілдеде Ақмола облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Күндіз 13-15 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде қатты ыстық 35 градус және өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Күндіз 13 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыста қатты ыстық 35 градус күтіледі.

Күндіз 13-15 шілдеде Қарағанды облысының кей жерлерінде 39 градус қатты ыстық күтіледі.

Айдары: Найзағай 12.07.2020 41

Қатысты мазмұн