Қазақстанда 19 санитарлық бекет қойылды

none

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев коронавирустың таралуына байланысты Қазақстан бойынша 19 санитарлық бекет қойылғанын айтты.

"Ішкі істер министрлігі карантин және шектеу шараларын қамтамасыз ету бойынша денсаулық сақтау органдарына көмек көрсетуді жалғастырып жатыр.

Бас санитар дәрігерлердің қаулысына сәйкес, еліміз бойынша 15 санитарлық (Алматы облысы – 9, Қостанай облысы – 4 және Ақтөбе облысы – 2) және 4 блокбекет (Атырау облысы– 4) қойылған.

Карантин іс-шараларына 10 мыңнан аса полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылды. 290 карантин нысаны бақылауда", - деді Тұрғымбаев Үкімет отырысында.

Айдары: Найзағай 19.01.2021 20

Қатысты мазмұн