Қазақстанда 1 шілдеден бастап ұлттық төлем жүйесі іске қосылады

none

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов төлем карталарының банкаралық және жедел төлем жүйесі іске қосылғанын мәлімдеді, - деп хабарлады Tengrinews.kz.

"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында 2021 жылғы қарашада Ұлттық банк ұлттық төлем жүйесінің құрамдас бөліктері - карталық операцияларды өңдеуге арналған банкаралық төлем карталары жүйесін және мобильді онлайн төлемдерге қызмет көрсетуге арналған жедел төлем жүйесін пилоттық режимде іске қосты.

Ұлттық төлем жүйесі жұмыс істеуі үшін қажетті нормативтік-құқықтық база әзірленді, ол 1 шілдеге дейін толық іске қосылады деп күтіледі", - деді Пірматов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Оның айтуынша, 2021 жылы Ұлттық банк "цифрлық теңгені" енгізу бойынша пилоттық жобаны қолға алған.

"Қазіргі уақытта платформаның прототипін әзірлеу аяқталды, 2021 жылдың желтоқсанында пилоттық жобаның нәтижелері туралы қорытынды есеп жарияланды. Биыл пайда мен шығындарды бағалай отырып, цифрлық теңгені енгізу моделі бойынша түпкілікті шешім қабылданады", - деп қосты ол.

Айдары: Текемет 08.02.2022 46

Қатысты мазмұн