Қазақстан ұн, картоп, қант экспортына тыйым салды

none

Қазақстан ауыл шаруашылық министрлігі, сауда және интеграция министрлігі 15 сәуірге дейін ұн, қарақұмық, қант, картоп, сәбіз, сарымсақ, қызылша, капуста, күнбағыс және күнбағыс майын басқа елге шығаруға тыйым салды.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Facebook желісінде “қазір ел аймақтарын азық-түлікпен және жеміс-жидекпен тұрақты қамтамасыз ету – басты мақсат” екенін жазды.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті. Бұл екі қаладағы барлық сауда орыны мен ойын-сауық орталығы жабық. Тек азық-түлік сататын орындар мен дәріханалар ашық. Ал карантин жарияланбаған басқа аймақтарда базарлар, сауда орындары ашық.

Қазақстанда коронавирус жұққан науқастар саны 68 адамға жетті. Алматыда - 29 адам, Нұр-Сұлтанда - 35 адам, Қарағандыда - 2 адам, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында 1 адам емделіп жатыр.

Билік теңге құнсызданып, коронавирус тарап жатқан тұста дағдарыспен күресу үшін 4,4 триллион теңге (10 млрд доллар) бөлмек. Нұр-Сұлтан дағдарыс кезінде жұмыс орындары сақталып, азық бағасы қымбаттамайды деп сендіріп отыр.

Айдары: Найзағай 24.03.2020 8

Қатысты мазмұн