Қазақстан шетелдіктерге 72 сағат визасыз жүру режимін уақытша тоқтатты

none

Қазақстан транзиттік жолаушыларға арналған 72 сағат визасыз жүру режимін 1 шілдеге дейін тоқтатты деп хабарлады primeminister.kz сайты. Қаулы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

2018 жылдың сәуір айынан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы халықаралық әуежайы арқылы ұшқан Қытай және Үндістан азаматтарының елде 72 сағат визасыз жүру мүмкіндігі болған. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, бұл мүмкіндікті пайдаланғысы келген азаматтарды әуежайда шекара қызметі тіркеп, көші-қон карточкасын беруі тиіс болған.

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда 284 адамнан коронавирус табылған. Нұр-Сұлтанда - 167, Алматыда - 70 адамнан вирус табылған. 20 адам айыққан. 1 адам қайтыс болған.

Айдары: Найзағай 30.03.2020 20

Қатысты мазмұн