Қазақстан мен Армения көлік мәселесін талқылап жатыр

none

Екі ел билігі Армениядан Қазақстанға көптеп автокөлік экспорттаудан туған "көлік мәселесін" талқылап жатыр, - деп хабарлайды Verelq.am порталы. Бұл туралы Армения вице-премьері Мгер Григорян мәлімдеді.

Оның сөзінше, Армения Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында ұсынылған жеңілдік кезеңі қоғамдық мәселені шешуге бағытталған. Алайда оның көп жағдайда коммерция мақсатында қолданылуы екі әріптес ел үшін күтпеген жайт болған.

Григорянның айтуынша, Армения Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдерге көлік экспортын тоқтатуы керек болған.

"Ол жасалған жоқ, қазір не бар - сол бар. Жағдайды жеңілдететін шешім табуымыз керек. Қазақстан бойынша мәселе басты орында. Бүгінде Арменияда осы мәселені шешуге келген қазақстандық делегация бар. Менің ойымша, бұл мәселе жақын арада шешімін табады", - деп мәлімдеді вице-премьер.

Айдары: Найзағай 23.01.2020 42

Қатысты мазмұн