Қазақстан әлемде өз вакцинасын шығарған бірнеше елдің қатарында

none

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан әлем бойынша вакцина шығарған бірнеше елдің қатарында екенін айтып, мамандарға алғыс білдірді.

"QazVac вакцинасы еліміздің өңірлеріне жеткізіле бастады. Барлық азаматқа қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісін ұлғайтамыз. Қазақстан әлем бойынша өз вакцинасын шығарған бірнеше елдің қатарында. Екпені әзірлеген ғалымдар мен мамандардың бәріне алғыс айтамын!" - деді Тоқаев Тwitter-парақшасында.

Бұған дейін коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасын егу науқаны 26 сәуірде басталатыны хабарланған еді.

22 сәуірде Қазақстан өңірлеріне ҒЗИ базасында өндірілген қазақстандық QazVac (QazCovid-in) вакцинасының бірінші партиясы жөнелтілген болатын.

Tengrinews

Айдары: Төбе 23.04.2021 33

Қатысты мазмұн