Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы дүниеден өтті

none

Қазақ телевизиясының ардагер журналисі Нұртілеу Иманғалиұлы 69 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы Facebook-парақшасында жариялады.

Нұртілеу Иманғалиұлы 1952 жылы 14 мамырда Алматы облысы Ақсу ауданы Қарасу ауылында дүниеге келген. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (Қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) журналистика мамандығы бойынша тәмамдап, қазақ телевизиясында түрлі қызметтерді атқарған.

Журналист түрлі жылдары "Құрдастар", "Жастар дауысы", "Арай", "Жадыңда ма, жолдас", "Айна", "Жас жігер","Бетпе-бет", "Қолтаңба", "Діңгек", "Көршілер", "Заң сөйлесін", "Nur-Tiley" дейтін телебағдарламаларды жүргізген.

2003-2006 жылдары Үкімет кеңсесінде, одан кейін президент әкімшілігінде жұмыс істеген. 2006-2007 жылдары "Қазақстан" телерадиокорпорациясын басқарған.

Айдары: Найзағай 17.02.2021 37

Қатысты мазмұн