Қаңтардағы тәртіпсіздікті ұйымдастырудағы Мәсімовтің рөлі қандай болды

none

Палатаның жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов өткен жылғы 5 қаңтарда Қазақстандағы қаңтар оқиғасының ықтимал басты ұйымдастырушысын атады. "Тергеу мәліметтері бойынша ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовті қаңтардағы тәртіпсіздіктің басты ұйымдастырушысы деп санауға бола ма?" деп сұраған журналистерге ол «Солай айтуға болады», - деп жауап берді.

"Төңкеріс жасағысы келіп, оған дайындықта болды. Басты ұйымдастырушылар, жоғарыда айтқанымдай, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірінші басшыларына, Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық істер қозғалды" - деді Берік Асылов.

Оның айтуынша, ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасары Әнуар Садықұлов ҰҚК департаменттері ғимаратынан кетуге бұйрық берген.

"Аймақтық құқық қорғау ведомстволары басшыларының қызметтік өкілетін асыра пайдалану деректеріне жеке тоқталып өтейін. Тәртіпсіздіктің ең қызған шағында Алматы, Алматы және Қызылорда облыстары ҰҚК департаменттерінің жеке құрамы түгел дерлік өз ғимараттарын тастап кеткен.

Тергеу мәліметтері бойынша, 5 қаңтарда ҰҚК төрағасының орынбасары Садықұловтан жеке құрамның ғимараттан шығуға дайындығы туралы жазбаша бұйрық келіп түскен. Мәсімовтің тапсырмасы бойынша Алматы қаласы мен Қызылорда облысындағы ҰҚКД ғимараттары бос қалды. Сондай-ақ, басшылықтың пәрменімен Алматы және Жамбыл облыстарының Полиция департаменттерінің ғимараты қараусыз қалды", - деді Асылов Мәжіліс отырысында.

"Нәтижесінде тәртіпсіздікті басу үшін дер кезінде шаралар қабылданбады. Соңында Алматы мен Талдықорған екі күн бойы толығымен қарулы қарақшылардың қолында болды. Олардың қолына тұтас арсенал түсті - 3 мыңға жуық автомат, тапанша, снайперлік винтовка және ондаған мың оқ-дәрі. Яғни, осы басшылардың кінәсінен ең қауіпті қару бүлікшілердің қолында болып шықты", - деп түсіндірді Асылов.

Ол 2 мыңға жуық қарудың қайда екені әлі белгісіз екенін айтты.

"Арнайы прокурорлар өкілетін асыра пайдалану деректері бойынша тергеуді аяқтады. ҰҚК-нің үш облыстық департаментінің, Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшыларына және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық істер сотқа жіберілді. Қазір сот процестері жүріп жатыр. Олардың кінәсінің дәрежесі мен жаза шарасын сот анықтайды. Жамбыл облысы ПД экс-басшысына қатысты қылмыстық қудалау өліміне байланысты тоқтатылды - ол өзін атып өлтірді", - деп түйіндеді сөзін бас прокурор.

Естеріңізге салсақ, 18 қарашада Астанада ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты сот процесі басталғаны хабарланған болатын. 6 қаңтарда ҰҚК мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 25 тамызда Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғаны белгілі болды. Кейін Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов ҰҚК-нің экс-басшысының 17 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтты.

Айдары: Дүрбі 05.01.2023 109

Қатысты мазмұн