Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасында қола медаль иеленді

none

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев +91 келі салмақта Токио олимпиадасының финалына шыға алмады. Ол жартылай финалда америкалық Ричард Торрезден жеңілді. Үшінші раундта Қоңқабаевтың мұрны қанап, жекпе-жек уақытынан бұрын тоқтатылды.

Қоңқабаев олимпиаданың қола жүлдесін алады. Бокс ережесіне сай, жартылай финалда жеңілген боксшыға қола медаль беріледі.

Қоңқабаев жартылай финалға дейін египеттік Мостафа Ясри Хафезден, ресейлік Иван Верясовтен басым түскен.

Қазақстаннан Токио олимпиадасына тоғыз боксшы жолдама алған еді. Солардың ішінде тек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов жартылай финалға шықты.

Қазақстан үміт артқан Василий Левит (Рио олимпиадасының күміс жүлдегері), Бекзат Нұрдәулетов (2019 жылғы әлем чемпионы), Абылайхан Жүсіпов, Серік Теміржанов, Закир Сафиуллин, Аманхан Әлімқұл, әйелдер боксынан Надежда Рябец жартылай финалға шыға алмады.

Қоңқабаевтың қоласы – Қазақстанның Токио олимпиадасындағы төртінші медалі. Осыған дейін дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Зүлфия Чиншанло мен Игорь Сон олимпиадада қола медаль алған.

Айдары: Найзағай 04.08.2021 47

Қатысты мазмұн