Қайрат Сатыбалдыұлының компаниялары миллиардтаған қаржы жымқырған

none

Қайрат Сатыбалдыұлының теміржолдарға кіре беріс жерлерді меншіктеген компаниялары бірнеше миллиард теңге жымқырған. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Агенттік Қайрат Сатыбалды, оның бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды және басқа да тұлғалар үстінен қызмет тексерісі жалғасып жатқанын айтады.

  • Аталған тұлғалар мемлекеттік орган басшыларының қатысуымен елдің қала құраушы ірі кәсіпорындарына кіре берістегі теміржол тарифтерін негізсіз қымбаттату арқылы көптеген миллиард теңге заңсыз пайда тапқан, соның салдарынан халыққа қызмет көрсету жұмысының бағасы өскен,- дейді Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Агенттік жазуына қарағанда, Қайрат Сатыбалды бақылайтын бірнеше компания басшылары сот санкциясымен қамауға алынған.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 13 наурызда "Қазақтелекомның" қомақты қаржысын жымқырды және қызмет өкілетін асыра пайдаланды" деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыны шетелге ұшпақ болып тұрғанда ұстап, уақытша қамау изоляторына қамаған.

Агенттік ол кезде "Қайрат Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін өзге де қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр" деп хабарлаған.

Наурыздың ортасында Жемқорлыққа қарсы агенттік Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдының үстінен "бизнесті рейдерлік жолмен тартып алу" күдігі бойынша тергеу басталғанын хабарлаған. Күдікті тергеу изоляторына қамалған.

Қайрат Сатыбалдыұлы — Назарбаевтың туған інісі Сатыбалды Назарбаевтың ұлы. 2018 жылы қазақстандық Forbes журналы оны елдегі ең бай елу бизнесмен тізіміне енгізген. Оның дәулеті 163 миллион долларға бағаланған.

Айдары: Түтін 04.04.2022 92

Қатысты мазмұн