Кеше коронавирус салдарынан 11 адам өлді

none

Қазақстанда 19 қаңтарда ПТР тесті оң шыққан 1 134 адам тіркелді. 118 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің 20 қаңтар күнгі хабарламасында жазылған. Өткен тәулікте 11 адам өлімі тіркелген: 8 науқас - коронавирустан, 3 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болғаны хабарланды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда наурыз айынан бері 171 232 адамның ПТР тесті оң шыққан. 155 394 адам жазылған. 2 431 адам коронавирус қайтыс болған.

Қазақстан билігі 1 тамыздан бері пневмонияның Covid-ке ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек тіркеп келеді. Содан бері 46 984 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 545 адам қайтыс болған. 34 805 адам жазылған.

Аймақтағы пневмония ахуалына байланысты статистиканы билік өте сирек жариялайды. Бірақ ПТР тесті оң шыққан науқастар туралы күн сайынғы мәлімет індеттің барлық аймақта өршігенін көрсетеді. 19 қаңтарда Нұр-Сұлтанда 198 адамға коронавирус жұққаны арнайы тестпен дәлелденген. Павлодар облысында 151 адамға вирус жұққаны расталған. Алматы мен Ақмола облыстарында 112 және 108 науқас анықталған.

Алматы облысында - 92, Солтүстік Қазақстан облысында - 76, Атырау облысында - 74, Қарағанды облысында - 72, Қостанай облысында - 68, Батыс Қазақстан облысында - 45, Шығыс Қазақстан облысында - 43, Түркістан облысында - 22, Жамбыл облысында - 21, Ақтөбе облысында - 18, Маңғыстау облысында - 17, Шымкентте - 10, Қызылордада 7 науқас тіркелген.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың көбеюіне байланысты осы аптада жекелеген аймақтарда карантин күшейді. Бірқатар облыста билік санитар дәрігердің қаулысына сүйене отырып, блокпост қойған. Денсаулық сақтау министрлігі вирустың күшеюін "халықтың профилактика ережелерін сақтамауымен" байланыстырады.

Айдары: Найзағай 20.01.2021 28

Қатысты мазмұн