Карантин режимін бұзғандар жазаланып жатыр

none

Алматы қаласында соңғы бір күннің ішінде карантин режимін бұзған 59 адам әкімшілік жазаға тартылған. 26 адам қамалған, 32 адамға айыппұл салынған. Бір адамға ескерту берілген.

Алматыда 19 наурызда коронавирусқа байланысты карантин режимі енгізілген болатын. Сол уақыттан бері сот 411 адамды төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жауапқа тартқан. 298 адам қамауға алынған. 194 адамға айыппұл салынған. 14 адамға ескерту берілген.

Ал Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғыны азаматтық белсенді Бағдат Бақтыбаев 6 сәуірде төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін он тәулікке қамалды.

Сондай-ақ, басқа облыстарда да мұқтаж отбасыларға азық-түлік тарату кезінде вирус жұқтырмау қауіпсіздігін сақтамаған белсенділер әкімшілік жазаға тартылды, кейбіріне ескерту берілді.

Айдары: Найзағай 07.04.2020 49

Қатысты мазмұн