Кәрім Мәсімовке қатысты істің мән-жайы айтылды

none

ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты істі тергеу қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты.

"Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларын қамауға алу мерзімі тағы ұзарды. Қашанға дейін ұзартады?", - деп сұрақ қойды журналистер.

"Күзге қарай анықталады деп ойлаймын. (...) Менің білуімше, іс материалдары құпия. Сірә жабық (сот - еск.) өтеді. Мұны сот органдары анықтайды. Бәрібір онда мемлекеттік құпиялар бар", - деп жауап берді Амерханов Мәжіліс отырысынан кейін кулуарда.

Сондай-ақ, журналистер қаңтар оқиғасын тергеу қанша уақытқа созылуы мүмкін екенін сұрады.

"Іс жүргізу бойынша үш айға ұзартуға құқығымыз бар. Әр үш ай сайын. Жоқ, бұл жылдарға созылмайды. Бірақ өте ауыр мәселе, тағылған айыптар ауыр", - деді ҰҚК төрағасының орынбасары.

Ол қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні неге әлі күнге дейін жарияланбағанын түсіндірді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Оларды санатқа бөлу керек, кім қалай қаза болды. Біреу тонауға қатысқан, біреу шабуыл жасаған, біреу абайсызда қаза болған", - деп қосты ол.

Айдары: Найзағай 22.06.2022 36

Қатысты мазмұн