Йод тапшылығы адам ағзасына қалай әсер етеді?

none

**Көптеген алмастырылмайтын микроэлементтердің ішінде аса маңызды және зерттелгендерінің бірі – йод, оның тапшылығы адам мен жануар денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Қоршаған ортадағы йодтың созылмалы жеткіліксіздігі – халықтың денсаулығына әсер ететін, кең таралған теріс факторлардың бірі. Йодтапшылықты ауруларға 200 миллионнан астам шалдыққан, бұл алдын алуға болатын ми зақымдануы мен ақыл-ой дамуының кешеуілдеуі себебін құрайды. **

Соңғы он жылда йод тапшылықты елдер саны 54-тен 30-ға дейін азайған, йод тапшылығы жеткілікті елдер саны 67-ден 112-ге артқан, бірақ, сонымен қатар, йод тұтыну деңгейі аса жоғары елдер саны да 5-тен 10-ға дейін артқан.

Йод тапшылығын бақылау және салдарын жою бойынша мәселелерді шешу қоғам мен ұлттың зерделік, білім-ағарту және кәсіптік деңгейіне зор әсер етеді. Соңғы кезде ғылыми жұмыстарда йод тапшылығының церебралдық бұзылыстардың себептері ретіндегі ролін зерттеуге көп көңіл бөлінуде, әсіресе, ұрықтың жүктілік кезеңіндегі жатыр ішілік дамуы кезінде.

Адам ағзасын йодпен сәйкес қамтамасыз етуде йодтың аса азғантай мөлшері (күніне 100-150 мкг) жеткілікті болғанына қарамастан, адамдардың ақыл-ой кешеуілдеуінің негізгі себебі ретінде йод тапшылығын жою көптеген елдерде медицина, тағамтану, денсаулық сақтау салаларындағы басымдылығы зор мәселе ретінде танылған. Көптеген елдер тұзды йодтау мен оның мониторингі бағдарламасын халықтың тамақтануы жағдайын жақсарту бойынша елдің ішкі саясатына енгізген.
1999 жылы Қазақ тағамтану академиясы Қазақстанның барлық аумағында бала өрбіту жасындағы әйелдер арасында халықаралық заманауи индикаторларды қолданып, йод тапшылығы жағдайына тұңғыш зерттеу жүргізді. Йод тапшылығы таралуында өңірлік айырмашылықтар анықталған және 54 - 64% құраған. Йод тапшылықты жағдайды бұл бағалау онымен күресте шешуші шаралар қабылдауға негіз болды.

Қазақстан Республикасы «Йод тапшылықты аурулардың алдын алу» 2013 ж. Заңына сәйкес «Қазақстан Республикасы аумағында өндірілетін тағамдық және жем тұзын міндетті түрде йодтау қажет» екендігі көрсетілді, ал жалған түрде жасалынған ас тұзын өндіру, енгізу, таратуға тыйым салынды.

2006 жылғы Ұлттық көпиндикаторлық, кластерлік зерттеулер негізінде Қазақстан Республикасында йодтапшылықты жағдайлармен күрес бойынша өткізілетін заңнамалық және тәжірибелік іс-әрекеттерді назарға алып, халықаралық ұйымдардың бағалауы бойынша 2010 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасы тұзды жаппай йодтау арқылы йод тапшылығын жойған ел ретінде сертификатталды.

Қазақ тағамтану академиясы өткізген зерттеулердің соңғы деректері бойынша әйелдердің несептегі йод медианасы 2011 жылы 181,1 мкг/л құраған, қалыпты мөлшері 100-200 мкг/л.

Йод тапшылығының жалпы таралуы: 2011 жылы 15-49 жастағы әйелдерде әйелдерде – 22,8%, (1999 жылы – 54,2%), бұл қоғамдық денсаулық сақтау саласы үшін әлсіз қауіп санатына жатқызылады.

Барлық ас және жем тұзын міндетті йодтау туралы Заң қабылдауға сәйкес йодталған тұз тұтыну пайызы артты, осыдан халықта йодурия деңгейінің артуын байқалды. Йодты жаппай тұтынудан 8 жыл өткенде йодтың несеппен шығарылуының медианасы 2006 жылға қарағанда біршама азайған, бірақ, 90% астам халықты сапалы йодталған тұзбен қамтуда норма шегінде қалып отыр. Бұл уақытылы биологиялық мониторинг өткізу және ел халқымен ұзақ мерзімді, тұрақты негіздегі коммуникациялық жұмыстар жүргізу қажеттігін нұсқайды.

Қазақ тағамтану академиясының Йодтық зертханасы Қазақстандағы несептегі және тұздағы йодты анықтайтын, талдаулардың нақтылығы мен сапасын қамтамасыз ететін бірегей зертхана болғандықтан, зертхана қызметкерлері 2002 жылдан бастап CDC (ауруларды бақылау орталығы, Атланта, АҚШ) өткізетін EQUIP сапаны сыртқы бақылау Бағдарламасына қатысады.
Зертхананың жұмыс сапасына, халықаралық сарапшылар өткізген бағалауға сүйеніп, Қазақ тағамтану академиясының Йодтық зертханасы Орталық және Шығыс Еуропа өңірі және Тәуелсіз мемлекеттер достастығы үшін Өңірлік бақылау орталығы ретінде танылды. Осы өңірде жүйе құру үшін йод бойынша халықаралық ресурстық зертхана ретінде БҰҰ БҚ (Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар қоры) және СДС техникалық қолдауы көрсетіледі. Йод бойынша ресурстық зертханалардың халықаралық өңірлік жүйесінің мүшелері - Орталық және Шығыс Еуропа өңірінің және Тәуелсіз мемлекеттер достастығының 18 елі. Бағдарламаның басты мақсаты - өңірде йод тапшылығына сәйкес мониторингтік бағалауды қамтамасыз ету үшін зертханалардың несептегі және тұздағы йод мөлшерін нақты анықтау қабілетін арттыру.

Төрегелді Шарманов

Қазақ тағамтану академиясының президенті

Айдары: Текемет 25.01.2021 255

Қатысты мазмұн