Италияда бір күнде вирустан 919 адам қайтыс болды

none

Италия билігі кейінгі бір күнде коронавирустан 919 адам қайтыс болғанын хабарлады. Бұл елде Covid-19 дертінен көз жұмғандар 9134 адамға жетті. 24 сағат ішінде 5909 адамнан вирус табылып, елде вирус жұқтырғандар 86 мыңнан асып кетті. Италия қазір қайтыс болғандар бойынша әлемде бірінші, вирус жұқтырғандар бойынша АҚШ-тан (96 мыңнан астам адамнан вирус табылды) кейін екінші болып тұр.

Испанияда бір күнде 569 адам қайтыс болды. Қазір бұл елде барлығы 64 мыңнан астам адам вирус жұқтырып, 4934 адам көз жұмды.

Вирус алғаш тараған Қытайда кейінгі бір күнде 55 адамнан вирус табылып, бес адам қайтыс болды. Бұл елде күн сайын вирус жұқтырғандар азайып келеді.

Джон Хокинс университетінің дерегінше, 27 наурызда әлемде коронавирус жұқтырғандар 566 мыңнан асты. 25423 адам қайтыс болды. 127768 адам дертінен айықты

Айдары: Найзағай 28.03.2020 24

Қатысты мазмұн