Иранда бір күнде коронавирустан болған ең көп адам өлімі тіркелді

none

Иранда коронавирус пандемиясы басталғалы бір тәулікте бұрын-соңды болмаған өлім көрсеткіші тіркелді. 5 шілде күні елде індет салдарынан 163 адам өлген. Бұған дейін ең жоғарғы көрсеткіш 29 маусымда тіркелген еді – 162 адам.

Иран денсаулық сақтау жүйесінің шенеуніктері жексенбі күні елде коронавирус жұқтырған 2560 адам анықталғаны туралы хабарлады. Иранда індет тарағалы бері, ресми мәлімет бойынша, жиынтығы 240 438 адамға вирус жұққан, 11 571 адам қайтыс болған.

Билік бұған дейін сәуірде енгізген бірқатар шектеуді алған соң, кейінгі күндері Иранда вирус жұқтырғандардың қайта көбейе бастағаны байқалып отыр.

Иран президенті Хасан Роухани 4 шілдеде азаматтардың мемлекеттік мекемелерге маскасыз кіруіне тыйым салынатынын мәлімдеген.

Айдары: Найзағай 06.07.2020 43

Қатысты мазмұн