Инга Иманбай - бас редактор. «Жас алашта» интрига басталды

none

Бүгін түс қайта «тоқсан жылдық тарихы бар» «Жас Алаш» газетіне Инга Иманбай бас редактор болып тағайындалды. Оны таныстыруға «Жас алаштың» қожайыны Салтанат Атушева (Алтынбек Сәрсенбаевтың жесірі) немесе соның өкілі келген жоқ. Құпия дереккөздің мәлімдеуінше, Инга Иманбай редакцияға сопаң етіп кіріп келіп, «бүгіннен бастап бұл жердегі бастық мен боламын» деген сыңайда сөз айтқан. Бұл оқиға газет қызметкерлерінің басына жай түскендей әсер еткен.

Инга Иманбайдың бас редактор болуы «Жас алаш» ішіндегі жағдайды ушықтырып жіберді. Өйткені ондағылардың бәрі бұрынғы бас редактор Руслан Ерботаның кадрлары болатын. Олар газет құрылтайшысының (қожайыны) бір ауыз сөзге келіп, жаңа бас редактордың тағайындалу себебін түсіндірмегеніне ренжулі. Осындай түсініксіз жағдай газеттің келесі санын шығаруға кедергі болып тұр. График бойынша бүгін кешке баспаханаға өткізілуі тиіс газет дайын емес. Редакциядағы интрига жалғаса берсе, «Жас алаштың» ертеңгі саны жарыққа шықпайды.

Газеттің құрылтайшылары бұрынғы бас редакторы Руслан Ерботаны 2020 жылдың қарсаңында «өз еркімен» арыз жазып, жұмыстан кетуге мәжбүрлеген. Ол 2017 жылдың басында тура осыған ұқсас интригамен «Жас алаш» газетінің бас редакторы болып тағайындалған.

Газеттің Р.Ерботаға дейінгі бас редакторы Рысбек Сәрсенбаев «Жас алаштың» бас акционері Салтанат Атушеваның (акциясы 75 пайыз) пәрменімен қуылды. «Жас Алаштың» басшылығынан кеткен Рысбек Сәрсенбаев (газеттің 25 пайыз акциясы соның қолында болды) редакция қызметкерлерінің басым бөлігін өзіне қаратып алып, басшылыққа наразылық білдірген. Біршама уақыттан кейін Р.Сәрсенбаев келіні Салтанат Атушевадан түбегейлі жеңіліс тапты, себебі әулет ішіндегі қиян-кескі интрига кезінде Рысбек Сәрсенбаевтың ұлы Нұрлан Рысбекұлы Сәрсенбаев Салтанат Атушеваның жағына шығып кетті. Журналист емес, дипломат мамандығын игерген Нұрлан Сәрсенбаев ұрыс-керіс басылғанша «Жас алаштың» бас редакторы қызметін атқарды да, уақыт өткізіп барып қызметін Руслан Ерботаға тапсырған.

Газеттің құрылтайшылары бұрынғы бас редактор Руслан Ерботаны 2020 жылдың қарсаңында «өз еркімен» арыз жазып, жұмыстан кетуге мәжбүрлеген. Ол 2017 жылдың басында тура осыған ұқсас интригамен «Жас алаш» газетінің бас редакторы болып тағайындалған. Газеттің Р.Ерботаға дейінгі бас редакторы Рысбек Сәрсенбаев «Жас алаштың» бас акционері Салтанат Атушеваның (акциясы 75 пайыз) пәрменімен қуылды. «Жас Алаштың» басшылығынан кеткен Рысбек Сәрсенбаев (газеттің 25 пайыз акциясы соның қолында болды) редакция қызметкерлерінің басым бөлігін өзіне қаратып алып, басшылыққа наразылық білдірген. Біршама уақыттан кейін Р.Сәрсенбаев келіні Салтанат Атушевадан түбегейлі жеңіліс тапты, себебі әулет ішіндегі қиян-кескі интрига кезінде Рысбек Сәрсенбаевтың ұлы Нұрлан Рысбекұлы Сәрсенбаев Салтанат Атушеваның жағына шығып кетті. Журналист емес, дипломат мамандығын игерген Нұрлан Сәрсенбаев ұрыс-керіс басылғанша «Жас алаштың» бас редакторы қызметін атқарды да, уақыт өткізіп барып қызметін Руслан Ерботаға тапсырған.

«Жас алаштың» бас акционері Салтанат Атушева қайнағасы Рысбек Сәрсенбаевты бас редактор қызметінен бұған дейін де қууға талпынған. Ол алғашқы әрекетінде «Жас алашқа» саясаттанушы Айдос Сарымды бас редактор етіп тағайындамақшы болды. Оның бұл әрекетінен нәтиже шыққан жоқ. Редакция қызметкерлері саясаттанушыға қарсы өре түрегелді. Бір күн бас редактор қызметін атқарған Айдос Сарым қолын бір сілтеп, ренжіп кетіп қалған болатын. Осы оқиғадан кейін де «Рысбек Сәрсенбаев «Жас алаштың» деңгейін түсіріп жіберді, авантюрашыл ол тоқсан жылдық тарихы бар газетті қатерге итермелеп, жаптырып тынады» деген қауіп газет құрылтайшысының көңілінен кеткен емес. Сондықтан Салтанат Атушева бұл мәселеге уақыт өткізіп барып қайта оралып, ақырында Р.Сәрсенбаевты Р.Ерботамен ауыстырып тыншыған еді. Бұл ауыс-түйістің салдары «Жас алаш» үшін ауыр болды, газеттен білікті журналистер кетіп қалды. Бірақ талай сыннан өткен тәжірибелі журналист Руслан Ербота тез арада команда жинап, газет жұмысын жандандырған. «Жас алаш» ақпарат айдынында беделді басылымдардың қатарына шықты. Оның үстіне, Руслан Ербота Сәрсенбаевтар әулетіне бөтен адам емес, жақын туыс болып келеді. Соған қарамай ол да «Жас алаштан» қуылды. Мұнда қандай гәп бар?

Әзірге бұл сұраққа қатысты мына жайтты ғана айтуға болады: «Жас алашқа» бас редактор болып тағайындалған Инга Иманбай - партия құру үшін белсеніп жүрген жас саясаткер Жанболат Мамайдың әйелі. Оларға көп жылдан бері оппозицияның «сұр кардиналы» Төлеген Жүкеев қамқоршы болып жүр. Оның марқұм Алтынбек Сәрсенбаевпен тығыз байланыста болғаны белгілі. Күйеуі қайтыс болған соң Салтанат Атушева да саяси мәселеде көбіне Төлеген Жүкеевтің ақыл-кеңесіне жүгінді. Рысбек Сәрсенбаевты «Жас алаштан» кетіру оқиғасында үнемі тасада жүретін Т.Жүкеевтің де өзіндік рөлі болды. Қазір Жүкеев «Мамай» жобасын жүзеге асыруға барлық күшін салып жатыр. Құрылғалы жатқан жаңа партияға алыс ауылдарда насихат жүргізетін ақпараттық ресурс ауадай қажет. Осы жағдайды есепке алсақ, Жүкеев Сәрсенбаевтар әулетіне сіңірген еңбегін бұлдап, «Жас алашты» «Мамай» жобасының қызметіне жегуді Салтанат Атушевадан өтінген сияқты.

serke.org

Айдары: Түтін 08.01.2020 963

Қатысты мазмұн