Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы болып тағайындалды

none

Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян ҰҚШҰ-ның Еревандағы сессиясының ашылуы кезінде мәлімдеді.

"2023 жылдың басынан бастап алдағы үш жыл бойында ҰҚШҰ Бас хатшысының міндеттерін Қазақстан өкілі Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов атқаратын болғандықтан, құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы орынды деп санап, егер ол кісіні бізге ұсынып жатса, бұл өз-өзін ақтайды деп ойлаймын"- деді Армения премьер-министрі Никол Пашинян.

Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов 1956 жылы 9 желтоқсанда Гурьев облысы Новобогат ауылында дүниеге келген.

1979 жылы А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының жаратылыстану-география факультетін бітірді.

Бұрынғы Гурьев қалалық комитетінің ЛКЖО бірінші хатшысы (1983-1985); Гурьев облыстық комитетінің ЛКЖО бірінші хатшысы (1986-1988) болды.

Айдары: Найзағай 23.11.2022 42

Қатысты мазмұн