Харьковта белгісіз адам бір топ адамға граната лақтырды

none

Харьковта ер адам өтіп бара жатқан бір топ адамға граната лақтырды. Жарылыс салдарынан үш адам зардап шекті.

Басылым мәліметінше, зардап шеккендердің қатарында 16 жастағы бала бар. Ол орташа ауыр жарақат алды, 33 және 19 жастағы тағы екі адамның денсаулығы қанағаттанарлық.

"Белгісіз адам граната лақтырды. Үш адам жарақат алды, дәрігерлер оқиға орнында көмек көрсетіп жатыр", - деп жазды өңірлік полиция басқармасының баспасөз қызметі Twitter-де.

Қаскүнемді басқа жолаушылар ұстағаны белгілі болды. Олар ер адамның қолын қайырып, полиция келгенше ұстап тұрған.

Айдары: Найзағай 09.06.2021 42

Қатысты мазмұн