Ғарышқа ұшқан киноэкипаж Қазақстанға қонды

none

"Ю.А. Гагарин" ғарыш аппараты Жезқазған төңірегіндегі межелі жерге қонды. Бұл туралы "Роскосмос" хабарлады.

Жерге қонған экипаж құрамында ғарышкер Олег Новицкий, "Вызов" ғылыми-танымдық жобасының қатысушылары Клима Шипенко мен актриса Юлия Пересильд болды.

"Роскосмостың" хабарлауынша, ғарышкер Олег Новицкий бірнеше кезеңнен тұратын оңалту шарасына қатысады: алғашқы 2-3 апта Ғарышкерлерде дайындау орталығында болады, кейін санаторийге барады. Ал Пересильд пен Шипенконың сапары қысқарақ болғандықтан, олар бір апта оңалады. Киноэкипаж ғарышқа сапары туралы баспасөз мәслихатын сейсенбі, 19 қазан күні өткізбек.

Клим Шипенко мен Юлия Пересильд Халықаралық ғарыш станциясына 2021 жылғы 5 қазанда барған. Сапар барысында ХҒС-те көркем фильмнің түсірілімі болған. "Вызов" деп аталатын ғарыш драмасында дәрігер қыздың өмірі баяндалады. Сценарий бойынша, ол орбитаға ұшып, ғарышкерді емдеуі тиіс. Фильмге "Роскосмос" ғарышкерлері Антон Шкаплеров, Олег Новицкий және Петр Дубров та түскен. Ғарышта фильмнің 35-40 минуты түсірілді.

Юлия Пересильд пен Клим Шипенко ғарышқа ұшу үшін үдетілген дайындық курсынан өтті. Ғарыш сапары кезінде оператор міндетін Шипенко атқарды.

Айдары: Найзағай 17.10.2021 128

Қатысты мазмұн