Германия Польшаға Patriot әуе қорғанысы жүйесін береді

none

Германия Варшаваға әуе кеңістігін қорғау үшін зымыранға қарсы Patriot жүйесін беретін болды. Бұл ақпаратты Германия қорғаныс министрі Кристина Ламбрехт жариялады. Өткен аптада Польшаның Украинамен шекаралас ауылына зымыран түсіп, екі адам қаза болған.

Германия қорғаныс министрлігі "Варшава қаласа немістің Eurofighter жойғыш ұшақтары да берілетінін" айтқан. Ол үшін жойғыш ұшақты Польшаға апарудың керегі жоқ, бұл ұшақтар Германия әуе күштерінің базасынан да ұшып шыға береді.

Ресей Украинаға басып кірген соң НАТО мүшелері Шығыс Еуропадағы әуе қорғанысын нығайта түскен. НАТО-ға мүше Германия бастаған оннан астам мемлекет әуе қорғанысы жүйелерін бірге сатып алу жөнніде бастама көтерген.

Германияда қырғи қабақ соғысы кезінде 36 Patriot кешені болған. Қазір 12-сі бар, оның екеуі Словакияға орналастырылған.

15 қарашада Ресей Украина жерін жаппай атқылап жатқанда Польшаның Украинамен шекаралас елдімекеніне зымыран құлап, екі адам өлген.

Киев зымыран Ресейдікі деп санайды. Ресей Польша шекарасына таяу маңға зымыран атпағанын мәлімдеген. Польша билігі Украина әуе қорғанысының зымыраны болуы мүмкін деген болжам жасаған.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Польша жеріне түскен зымыран қай елдікі болса да Ресей жауапты деп мәлімдеді.

Айдары: Найзағай 21.11.2022 26

Қатысты мазмұн