Ерлан Ыдырысов қызметінен босатылды

none

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Ыдырысовты Қазақстанның Ұлыбританиядағы және басқа бірқатар елдегі елші қызметінен босатты, - деп хабарлайды Ақордаға.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды", - делінген хабарламада.

Ерлан Ыдырысов 2017 жылғы ақпанда Қазақстанның Ұлыбританиядағы және Солтүстік Ирландиядағы елшісі болып тағайындалған болатын.

Айдары: Найзағай 17.08.2022 58

Қатысты мазмұн