Емтиханда қосулы тұрған кварцтан оқушылардың көзіне зақым келді

none

Елордада оқушылар емтихан кезінде қосулы кварц астында отырған, 4 бала ауруханаға жеткізілді,

Оқиға Назарбаев Зияткерлік мектебіне үміткерлердің емтихан тапсыруы кезінде болған. Сыныпты кварцтауға арналған ультракүлгін шам өшірілмей қалған.

«Кварц астында отырғаннан кейін денсаулығына шағымданған оқушылар жедел жәрдем көлігімен елорданың №2 көбейінді қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. 2004 жылы дүниеге келген 3 бала және 2005 жылғы бір бала ауруханаға жеткізілгеннен кейін бейінді мамандардың тексеруінен өтті, толық медициалық қарау жүргізілді.

Олардың барлығының да жеңіл деңгейде көз алмасы зақымданған. Мамандар 4 баланы да тексергеннен кейін тұрғылықты жерлері бойынша амбулаторлық ем алу үшін үйлеріне жіберді», - деді аталған жайтқан орай Нұр-Сұлтан Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

inform.kz

Айдары: Найзағай 08.06.2021 48

Қатысты мазмұн